|
29.01.2019 | 14:58
2445

Бойжеткеннің 12 жыл бұрын жоғалтып алған сақинасы мұрнынан шықты

Бойжеткеннің 12 жыл бұрын жоғалтып алған сақинасы мұрнынан шықты http://stan.kz

Ұлыбританияның Китли қаласында бойжеткен мұрнына сақина тұрып қалғанын 12 жыл бойы байқамай жүрген. Бұл туралы Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Әдеттегі күн болатын. Мен диванда отырып, кенеттен түшкіріп жібердім. Мұнан кейін орамалға қарап: «Мынау не?» – деп ойладым. Орамалда сақина жатты», – дейді 20 жастағы Эбигейл Томпсон.

Белгілі болғандай орамалда 2007 жылы жоғалып кеткен сақина жатқан. Бойжеткен түшкірген кезде, сақина мұрнынан шығып кетіпті.

Анасы ол сақинаны қыздың 8 жасында туған күніне сыйлаған екен. Арада бірнеше ай өткеннен кейін сақина жоғалып кеткен. Сол кезде Эбигейл өз құрбыларынан күдіктеніпті.

«Оның мұрнымда тұрып қалғаны туралы ой миллион жыл өтсе де миыма келмейтін еді», – дейді ол.

Қыздың анасының сөзінше, Эбигейл мұрнын шұқыған кезде сақина ішінде тұрып қалған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир