Алматылық студенттер ауылдарына қайтатын билет таппай қалды

Almaty.tv
Almaty.tv
Сұраныстың күрт арту себебінен көлік жетіспей, жекеменшік автобустарды алдырып жатқан көрінеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық студенттер Президент мәлімдесінен кейін мерзімнен тыс көктемгі демалысқа шыға салысымен үйлеріне асығып жатыр. Халықаралық бағытқа жүретін «Сайран» авто бекетіндегі кассаларда студенттер сағаттап кезекке тұруға мәжбүр. Тіпті, кейбіреуі билет таппай жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Студенттердің айтуынша, билет бағасы әдеттегіден 2-3 мың теңгеге қымбаттап кеткен. Бірақ оған қарап жатқан жолаушылар жоқ. Қайткен күнде де ауылдарына аман-есен жетіп алуға асық. Жолаушылар осындай науқан кезінде үстінен пайда көріп қалғысы келетін алып сатарлар көбейген ба деп ойлайды.

«Шымкентке кетейін дегем, билет таппай тұрмын. Бағасы да қымбаттаған», - деді жолаушылардың бірі.

«Қызылордаға жүргелі тұрмыз. Қазір көреміз, билет жоқ-ау бірақ. Бұрын 6 мың теңгеге баратынбыз, сайттан қарап отырамыз, 7700 теңге деп тұр», - деді келесі бірі.

Авто бекет қызметкерлері билет тапшылығын жою мақсатында барлық шараларды қолданып жатқандығын айтады. Негізгі базадағы көліктерден бөлек, қосымша жекеменшік автобустарды алдырып жатқан көрінеді. Билет бағасының қымбат болу себебін осы жағдаймен түсіндіріп отыр. Ал, жекеменшік автобустардың сұрайтын ақысы әлдеқайда жоғары екен.

«Мысалы, Қызылордадан кеше 12 автобус алдырттық. Олар сол қаладан бос келді, сол үшін келу ақшасын да сұрап отыр. Сол себепті 1000 теңгеге қымбат болып отыр. Қызылордаға билет 6 мың болды, оған мың теңге қостық, сосын жүк 720 теңге», - деді «Сайран» автобекеті тасымалдау бөлімінің басшысы Ерлан ӘБІЛДАЕВ.

Бүгінде Сайран автобекетінің базасында 70-ке жуық автобус бар. Қазіргі таңда әсіресе Қызылорда, Шымкент, Түркістан қалаларына билетке сұраныс көп.

Новости партнеров