Елімізде жекеге өткен жер телімдері мемлекетке қайтарылуда

elements.envato.com
elements.envato.com
Іс-шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзге асуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкенттегі «Кең баба» саябағында ғасырлар бойы өсіп тұрған ағаштар кесіліп, балалар алаңы жойылды , деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Демалыс орны жеке меншік иелігіне өткен және қаусыз қалған. Қазір тозығы жеткен саябақты мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Ал, Жетісу облысында 74 гектар «Ардагерлер саябағы» ел игілігіне өтті. Қаланың ең көрікті жеріне меншік иесі коттедж қалашығын салмақ болыпты. Алайда, соттың шешімімен жасыл желек жайқалып тұрған аумақ мемлекетке қайтарылды.

Жалпы, заңсыз берілген жерлерді ел игілігіне қайтаруды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын. Білуімізше, бұл жұмыстар былтыр қарқынды жүрген еді. Биыл қалай? Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің маманы Абылайхан Бейсен айтып берді.

Осы уақытқа дейін заңсыз берілген қанша гектар жер мемлекетке қайтарылды?

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 11 миллион гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 10 миллион гектардан астам жер қайтарылса, 2024 жылғы жоспар бойынша 2 мииллион гектардан 1,15 миллион гектар мемлекет меншігіне қайтарылған.  

Жерді мемлекет меншігіне қайтару қай өңірлерде қиынға соғып жатыр?

-Кейбір өңірлер бойынша ауыл шаруашылығы жерлердің қайтару жөніндегі жоспарды орындаудың төмен көрсеткіштеріне байланысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша жоспарланған 160 мың гектар жерден 48,1 мың гектар телім қайтарылған. Атырау облысында 90 мың гектар жерден 16,8 мың гектары мемлекетке өтті. Осы бағытта жерді қайтару жұмыстар жалғасуда.

Оқи отырыңыз: Алматыда жыл басынан бері 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

Новости партнеров