Биыл киіктерді браконьерлік жолмен аулау фактісі бойынша 37 қылмыстық іс қозғалды – ІІМ

liter.kz
liter.kz
Келтірілген шығын көлемі 1,3 миллиард теңгеден асты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдарының браконьерліктің алдын алу және жолын кесу бойынша атқарып жатқан жұмыстары айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері киіктерді браконьерлік жолмен аулау фактісі бойынша 37 қылмыстық іс қозғалды, 32 адам ұсталды, 634 киік мүйізі,қылмыс құралдары, сондай-ақ, 13 бірлі автокөлік және 19 - атыс қаруы алынды. Келтірілген шығын көлемі 1,3 миллиард теңгеден асты.

«Браконьерлік үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту, оның ішінде мүлік пен қылмыс құралын тәркілеу туралы ұсыныстар енгізілді. Табиғат және жан-жануарлар әлеміне қатысты заңдарды бұзушылар келтірген зиян үшін өндірілетін өтемақы мөлшерін арттыру мәселе де пысықталуда. Орман шаруашылығы және жан-жануарлар әлемін қорғау бөлімшелерінің көліктерін арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықтап, белгілі бір түске бояу мәселесі әзірленді», – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, кеше Ақмола облысының Жарқайың ауданында киік аулағандар ізіне түскен екі инспекторды атып жарақаттаған. Кейінірек жарақат алған қорықшының бірі қайтыс болғаны хабарланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан азаматтың отбасына көңіл айта отырып киіктерді атқаны үшін жазаны күшейтуді тапсырды.  


Новости партнеров