Алматыда «Birgemiz» қорынан бірреттік көмекті 8078 адам алды

turkystan.kz
turkystan.kz
«Birgemiz» қоры 2020 жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент, «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Birgemiz» қорынан төлемдердің бесінші толқыны аясында 50 мың теңге көлемінде бірреттік көмек төленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Пандемия басталғаннан бері тиісті төлемдерді алуға үлгермеген аз қамтылған отбасылар алушылардың қатарына кірген.

Осы ретте қордың шешімі бойынша біржолғы көмек атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, I топтағы мүгедектерге, II топтағы мүгедектерге (жасы бойынша зейнеткерлер), сондай-ақ Алматыда 5209 адамға берілді. Сонымен қатар, бұл ең төменгі немесе одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, олардың саны шамамен 1000 адам. Бұдан бөлек, көмекті алушылар қатарында мүгедек балаға күтім жасайтын адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңестірілген адамдар, тыл еңбеккерлері мен тұл жетімдер бар.

Алматыда бірреттік көмекті  8078 адам алды.

«Көрсетілген ақшалай көмек мен үшін үлкен демеу болды. Әсіресе, күзде жылы киім сатып алуға қажет болған кезде. Менің төрт балам бар, олардың үлкені 17 жаста, ал кішісі 5 жаста. Бұл – Елбасының дер кезінде берген сыйы», – деді көпбалалы ана Бибігүл.

Біржолғы көмек алған көптеген тұрғындар әлеуметтік желілердегі өз парақшаларында қуанышын бөлісіп, «Nur Otan» партиясының көшбасшысы, Елбасына алғысын білдірді. Олардың ішінде І топ мүгедегі Ермек Байсалбек пен Нигора Ибрагимова, Ауған соғысына қатысушы Алтай Өтебайұлы және т.б. бар.

Естеріңізге салсақ, «Birgemiz» қоры 2020 жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент, «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін құрылған болатын.

Новости партнеров