Қарағанды облысында алимент төлеуден жалтарған азаматтың қарызын ата-анасы төлейді

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Оның қарызы 8 миллион теңгеден асқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында алимент төлеуден жалтарған азаматтың қарызын ата-анасы төлейді. Мұндай шешімді Сот борышкердің 8 жыл тығылып, жауапкершіліктен қашқан әрекетінен соң қабылдаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәліметке сүйенсек, азаматтың қарызы 8 миллион теңгеден асқан. Баланың ата-әжесі сол соманы 5 айлық есептік көрсеткіш көлемімен ай сайын өтеуге міндеттелген. Өкініштісі, бұл жалғыз жағдай емес. Қазір өңірде баласының алдындағы парызын орындамаған 1500 борышкер тіркелген.

– Ақысы төленбеген екі баланың біреуінің мүмкіндігі шектеулі. Ал ата мен әженің баласы үшін алимент төлеуі туралы шешімді Теміртау қалалық соты қабылдады. Мұндай шешім әзірге алғаш рет тіркеліп отыр. Өңірде алимент төлемей жүргендер көптігін ескерсек, мұндай жауапкершілікке әлі талай ата-ана тартылуы мүмкін, – деді Әділет департаментінің бөлім басшысы Людмила Гальчунова.

Елімізде алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтардың қарызы 7 млрд теңгеге жетсе, оның 1 миллиарды Қарағанды өңіріне тиесілі. Мамандар «отбасы алдындағы берешегін бермеу үшін кейбір азаматтар әккіленіп алған» дейді. Жыл басынан бері осындай әрекетке барған 7 азаматтың көлігі тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылған. Сондай-ақ табысын жасырып, жұмысын екі-үш ай сайын ауыстыратындар да көбейген. Ал заңға сүйенсек, қарыздан жалтарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, темір торға да тоғытылуы мүмкін.

– Алимент төлемеген азаматтардың қажет болса, көлігі тәркіленеді. Бірнеше тәулікке қамалады. Басқа да жауапкершілікке тарту қарастырылған. Азаматтар міндетін естен шығармауы тиіс. Тіпті туыстары төлейді. Қазір 1 миллиард теңге алимент төлемегендердің қарызы бар, – деді Әділет департаментінің бөлім маманы Қалдыбек Ибрайымов.

Оқи отырыңыз: Интернет алаяқтарынан зардап шеккендерге 43 миллион теңге қайтарылды

Новости партнеров