Алматы қаласында Қабанбай батыр мен Сәкен Сейфуллин көшелері қиылысында мурал салынды, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Жерлестердің сыйлығын көргенде жүрегіме жылулық орнап, іштей рахметімді айтқан болатынмын. Алайда Димаш Қонаевтай ұлы тұлғаларымыз тұрғанда жас буын өкілі өзінің алып суреті жайлы жар салғаны ұят болар дедім де, үндемедім. Қазіргі таңда, осынша қиын жұмысқа еңбегі кеткен азаматтарға алғыс айтуды жөн көріп отырмын,», – деп жазды ол.
Димаш суретшілерге алғыс айтты.
«Қадірлі суретшілер, қолдарыңыз дерт көрмесін, туындыларыңыз жер шарын шарлап, қазақтың атын биікке көтерсін. Және барша қолдаушыларыма шын жүректен алғыс білдіремін. Көп рақмет!» – деді ол.