Иманбектің әкесі марапатталды

Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz
Ақсу горнизонының басшылығы Наурыз мерекесі қарсаңында азаматтық қорғаныс саласының ардагері Марат Сүлейменовке құрмет көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақсу горнизонының басшылығы Наурыз мерекесі қарсаңында азаматтық қорғаныс саласының ардагері Марат Сүлейменовке құрмет көрсетті. Оған департаменттің жеке құрамы мен ардагерлер кеңесінің атынан I дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі табысталды,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Павлодар облысы бойынша төтенше жағдайлар депаратментінің хабарлауынша, Grammy иегері Иманбек Зейкеновтың әкесі – Марат Зейкенұлы Сүлейменов көптен бері төтенше жағдайлар саласында жұмыс істеп келеді. Қазіргі қызметі – «Павлодар облысы бойынша төтенше жағдайдар департаментінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметі» мемлекеттік мекемесінде аға прапорщик.

Осы мекемеде 1996 жылдың 5 шілдесінен бастап істейді. Осы уақыт ішінде №11 өрт сөндіру қызметінде көлік жүргізушісі, одан кейін аға жүргізуші болған. Мінсіз қызметі үшін бірнеше рет ведомстволық медальмен марапатталған.

Осы жолы да әріптестері Марат Зейкенұлына азаматтық қорғаныс саласына сіңірген еңбегін бағалап, тағы бір медаль тапсырды. Өзіне мықты денсаулық, ал ұлына шығармашылық табыс тіледі.

Айта кетейік, 20 жастағы Иманбек Зейкенов рэпер SAINt JHN-ның Roses композициясына ремикс жасап, Grammy жеңіп алды.

Новости партнеров