Рұқсат мерзімі өткен қаруды 10 шілдеге дейін алып жүруге болады
Бұл ереже көлік жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталған жүргізушілерге де қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда рұқсаты өткен қаруды сақтаудың және алып жүрудің тиісті мерзімін 10 шілдеге дейін ұзартуға болады, деп хабарлайды Almaty.tv Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес, төтенше жағдай кезінде қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттың мерзімі өткен азаматтық қару иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 486-бабына сәйкес осы жылдың 10 шілдесіне дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды», - делінген хабарламада.
Жоғарыда көрсетілген күнге дейін бұл құжатты ұзартуға болады. Бұл ереже көлік жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталған жүргізушілерге де қатысты.
Электрондық цифрлық қолтаңбамен еGov электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды алмастыруға болады.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34