Алматыда толассыз жауған жаңбыр салдарынан ағаштар құлап, көшелерді су басты

inform.kz
inform.kz
Су басу салдарын жоюға 39 дана техника, 9 су соратын мотор және 131 құтқарушы жұмылдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шелектеп құйған жауын Алматыға да көп ұзамай жетті. Нөсердің кесірінен қалада ағаштар сынып, көліктердің үстіне құлаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кейбірі тіпті жолдарды жауып қалды. Қалалық төтенше жағдай департаменті таратқан ақпарға сай, кешегі нөсер айлық норманың 4/1-ін құрапты. 

Жауаптылардың айтуынша, 14 мамырда күндіз берілген  дауылды ескертуден кейін  қаланың барлық коммуналдық қызметтері  жоғары дайындықта болды. Кешке қарай  жиі су басатын учаскелерге мамандар мен арнайы техника алдын-ала тартылған. Соған қарамастан бірнеше ауланы су басты. Төтеншеліктердің мәліметіне сүйенсек,

21 су басу оқиғасының 75 пайызы арық жүйелерінің өткізу мүмкіндігінің төмен болуынан, қалған жағдайлар арықтардың қатты-тұрмыстық қалдықтармен бітеліп қалуынан туындаған. Су басу салдарын жоюға 39 дана техника, 9 су соратын мотор және 131 құтқарушы жұмылдырылды.

Новости партнеров