Биыл Алматыда өтініш берушілердің 95 пайызын оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қала басшысы Ерболат Досаевтың төрағалығымен өткен Алматының инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі Кеңесінің I отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
– Биыл біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету бойынша келіп түскен барлық өтініштің 95%-ын қамтуды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатқа биыл 1,3 млрд теңге бөлінді, нәтижесінде оңалтудың инновациялық техникалық құралдарымен кемінде 400 адам қамтамасыз етіледі, – деді Әсем Нүсіпова.
2023 жылы Алматы әкімдігі ерекше қажеттіліктері бар 433 адамды 1 390 млн теңге сомасына инновациялық техникалық құралдармен қамтамасыз етті. Олардың ішінде 150 протез, 200 отыратын арба, 76 сөйлеу процессоры және 7 сүйек өткізгіштігі бар есту аппараты бар.
Оқи отырыңыз: Досаев: Алматыда баршаға тең мүмкіндіктер жасалуда