Түркістан облысына Өзбекстаннан 5 млн-ға жуық дәрілік препаратар жеткізілді
otyrar.kz
Облыстағы ауруханаларға таратылып, 153 дәріханаға шекті бағамен жөнелтіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысына бюджет қаржысына 5 млн-ға жуық дәрілік препарат әкелінді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл өз кезегінде халқы тығыз қоныстанған өңірдегі дәрі-дәрмек тапшылығының оң шешілуіне ықпал етеді.
«Пандемиямен күрес үшін облыс бюджетінен қаражат бөлініп, Өзбекстан елінен жеткен кезекті дәрілік заттардың ішінде амброксол, левофлаксацин, аминофиллин, азитромицин, цефтриаксон, парацетамол, метранидазол, дексаметазон, эуфиллин секілді пневмония және коронавирусқа қарсы препараттар бар», делінген хабарламада.
Қажетті дәрі-дәрмектердің жартысы өңірдегі аудан, қалалардағы ауруханаларға таратылса, жартысы әкімдіктермен меморандумға отырған 153 дәріханаға шекті бағамен жөнелтіледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
23.11.2026 17:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.11.2026 08:10
Алматыда заңға бағынбаған жастар отшашу үшін айыппұл арқалап жатыр
23.11.2026 10:50
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
24.11.2026 10:10