|
02.07.2019 | 15:24
4975

Бақытжан Сағынтаев Алматының ауасын тазарту бастамасын көтерді

Бүгінде қалада 45 жастар ұйымы, 170 діни бірлестік бар

Бақытжан Сағынтаев Алматының ауасын тазарту бастамасын көтерді tengrinews.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың үкіметтік емес ұйымдары басшыларымен кездесу барысында әлеуметтік-жауапты, күшті экономикалық, құқылы мемлекет пен дамыған азаматтық қоғам құруда ортақ мақсаттарға жету үшін бірігіп жұмыс жасаудың стратегиясын әзірлеу қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алматы қашанда үздік тәжірибелердің, жаңашылдық жобалар мен азаматтық қоғам саласы кейстерін жүзеге асырудың басты тұғырнамасы болып келеді. Бүгін біз ҮЕҰ-ды дамыту мен олардың тиімдігілін арттырудың «жол картасын» жасау үшін жиналып отырмыз. Маған қоғамның өзекті мәселелерін бірігіп шешуде сіздердің тараптарыңыздан ұсынатын пікірлер мен тілектер өте маңызды. Біз ашықпыз, қолжетімдіміз, қаланың барлық ҮЕҰ-мен жұмыс істеуге дайынбыз. Сондықтан шешімін күткен басты міндеттерге, стратегияға, проблемалы мәселелерге мен үнемі айрышқа назар аударамын», – деп атап өтті Алматы әкімі.

Кездесу барысында Б.Сағынтаев ҮЕҰ мен қала басшылығының біріккен іс-қимылдарының перспективалық бағыттарының бірқатарын атап өтті. Осы ретте қала басшысы экология мен ауа сапасы тақырыбын көтерді.

«Бұл мәселелер қаланың барлық тұрғынын толғандыратынын білемін. Сондықтан қалалық ЖЭО-2 газға көшіру мәселесін жіті зерттеуді жоспарлап отырмын. Осыған орай, экология саласында қоршаған ортаның бүлінуімен күресуде және қаланы жасылдандыруда сіздердің қолдауларыңыз маңызды», – деді әкім.

Бұлардан өзге, қоғам қауіпсіздігін және тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділікті күшейтудің, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың оның ішінде ПИК-тердің жұмысын жолға қоюдың, сонымен қатар қала бюджеті шығындары жариялылығының, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің, еңбекпен қамтудың, жастардың демалысын ұйымдастырудың және басқаларының өзекті мәселелері сөз болды.

Қазіргі кезде мегаполисте 4 мыңнан астам ҮЕҰ бар, алайда олардың  1000-ға жуығы ғана белсенді. Сонымен қатар қалада 45 жастар ұйымы, 170 діни бірлестік бар.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир