Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы шілдеде тұрғын үй нарығында баға өзгергені туралы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Бір жылда (былтырғы және биылғы шілдені салыстырғанда) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы - 26,4 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,6 пайызға өсті. Тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғымен салыстырғанда 2022 жылғы шілдеде 20,8 пайызға артты", - делінген хабарламада.
Өңірлер бойынша жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана жылдық мәнде:
Ақтөбе қаласында - 32,5 пайызға,
Нұр-Сұлтанда - 27,6 пайызға,
Өскеменде 26,1 пайызға қымбаттады.
Қолданыстағы үйлерді қайта сату нарығында көш бастап тұрған қалалар:
Қызылорда (44 пайыз),
Өскемен (43,7 пайыз),
Талдықорған (43,4 пайыз)
Нұр-Сұлтан (41,3 пайыз),
Тұрғын үйді жалға алу нарығында - Алматы қаласы (47,2 пайыз).
"Бір айдың ішінде (2022 жылғы шілде мен маусымды салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағалары - 0,8 пайызға, жаңа тұрғын үйді сату 0,5 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда шілдеде 0,4 пайызға жоғарылады", - делінген хабарламада.