|
15.01.2019 | 15:09
1861

Алматылықтардың қауіпсіздігін 120 мың камера бақылап отыр

Алматылықтардың қауіпсіздігін 120 мың камера бақылап отыр

Алматы полициясы қала тұрғындарының қауіпсіздігін бақылап отыратын камералардың мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД сілтеме жасап.

Қоғамдық тәртіпті сақтап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу үшін Алматыда 119 794 камера жұмыс істеп тұр.

«Оның 156-сы Жедел басқару орталығына тікелей ақпарат беріп отырады. Универсиада нысандарында 1 173 бейнекамера орнатылған. «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматты ақпараттық жүйесінде 694 камерасы бар 105 бекет жасақталған. Метродағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 348 камера орнатылған. Бұл камералар ақпаратты анығырақ көрсетіп, полиция кабинетіне жіберіп отырады. Білім нысандарында - 3 449, перзентханаларда 143 камера орнатылған. Аулаларда 7 490 камера тұрғындардың қауіпсіздігін бақылап отыр. Қаладағы жекеменшік ұйымдардың айналасында 6 682 камера орнатылған», – деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кету керек, бақылау камераларының арқасында 2018 жылы 1 543 қылмыс ашылды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир