|
15.01.2019 | 15:51
11398

Алматыда әскери қайраткер Ким Серікбаевтың мерейтойы аталып өтті

Алматыда әскери қайраткер Ким Серікбаевтың мерейтойы аталып өтті

Қазақтың қаһарман ұлы, әскери салаға 35 жыл уақытын сарп еткен арда азамат –Ким Серікбаев биыл 85 жасқа толды. Мерейтой Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында кең көлемде аталып өтті.

Айтулы шараға Ким ақсақалдың достары мен әріптестері келген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров арнайы ат басын бұрған. Туған күн иесі төл мерекесінде жиналғандарға поэзия оқып, ән шырқап берді.

«Бұл кісі қазіргі кезде емес бұрынғы Кеңес Одағының кезінде елімізге, халқымызға еңбегі сіңген, жүрегі жерім, елім деп соққан нағыз патриот ардагер ағаларымыздың бірі санаймыз. Сондықтан да бүгін әскери демалыс орталығында осындай үлкен іс-шара жүріп жатыр», – деді ҚР Құрлық әскерлері әскери институтының тәрбие және идиология жөніндегі орынбасары Жұмабек ХАСЕНОВ.

Ким Серікбаев Кеңес Одағының қарулы күштер қатарында жауынгерлік қызметтің барлық сатысынан өткен. Ол Қазақстанның тұңғыш әскери құжатын жазған. Сонымен қатар, Алматыдағы әскери мектеп-интернатына 1991 жылы Бауыржан Момышұлының атын алып берген.

«ҚР қарулы күштерінің еңбек сіңірген қайраткері, полковник Ким Серікбайұлының 85 жылдық мерейтойына арналған іс-шарада тактика кафедрасы ұйымдастырған әскери-штабтық ойындардың бірінші орын иегері атандым. Өзім де Ким Серікбайұлы секілді үлкен азамат, халық қаһарманы болғым келеді», – деді ҚР Құрлық әскерлері әскери институтының студенті Сейітжан ҚОБЫЛАНҰЛЫ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир