42500 теңге: 1,7 млн қазақстандыққа тағайындалды

Tengrinews.kz/Алихан Сариев
Tengrinews.kz/Алихан Сариев
Қаражат 1 миллион 676 мың қазақстандыққа аударылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шілде айында шектеу шаралары енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘМС) біржолғы төлемді тағайындауға 2,1 миллионға жуық бірегей өтініштер келіп түсті деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Newsroom+Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Төлем мөлшері ең төменгі жалақы  – 42 500 теңге. 1,7 миллион адамға тағайындалды. Қаражат 1 миллион 676 мың қазақстандыққа аударылды. 

2 миллионнан астам өтінімдердің:

– 804,4 мың адам төлемдерді алдын ала форматта тағайындауға келісті;

– Egov.kz порталы мен жеделхат боттары арқылы 521,1 мың адам өтініш білдірді;

– 249,4 мың адам – 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 524,5 мың адам – мобильді қосымшалар мен екінші деңгейлі банктердің Интернет-ресурстары арқылы.

– бір жолғы төлемге  (проактивті форматта) 804,4 мың өтініш түсті;

– жұмыс берушілер қызметкерлерге 150,2 мың өтініш берді;

– азаматтардың басқа санаттарынан (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша табыс алатын адамдар) 1 миллион 144 мың өтініш түсті.

Төлем 1,7 миллион адамға тағайындалды. Қаражат 1 миллион 676 мың қазақстандыққа аударылды.

 

 

 

 

Новости партнеров