|
06.06.2024 | 15:10
1200

Ақтөбеден Ресейге шыққан көлік аударылып, 4 адам көз жұмды

Тағы бір адам ауруханада жатыр

Ақтөбеден Ресейге шыққан көлік аударылып, 4 адам көз жұмды Кадр видеодан алынды

Ақтөбеден Ресейге шыққан жолаушы тасымалдайтын көлік аударылып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тағы бір адам ауруханада жатыр. Оқиға кеше Ақтөбе-Орск тасжолының Ащылысай ауылына қарасты бөлігінде болған.

Айта кетейік, "Тойота Альфард" көлігінің жүргізуші такси қызметін ресми атқарады. Қазір аталған іске қатысты соталды тексеру басталды.

– Жол-көлік оқиғасынан бірнеше сағат бұрын полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін түсіндірме жұмысын жүргізді. Бірақ жүргізуші полицейлердің ескертуін елемеген. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында жол апатынан екі оқушы қаза тапты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир