Белгісіз дерт: Қарағанды облысында жылқылар жаппай қырылып жатыр

09.02.2024 23:54

Төрткөл елдімекенінде зерттеу жүргізіліп жатыр

Фото: elements.envato.com

Қарағанды облысында белгісіз дерттен жылқылар жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қарамағында үш елдімекені бар аядай ауыл халқы бір жылдың өзінде 100-ден астам тұяқты жануарынан айырылған. Жылқы өсіріп, күнін көріп отырған жұрттың айтуынша, іріңді жара аяқтан басталып, бүкіл денеге таралған көрінеді.

– 90-ға жуық жылқым бар, бәрі қырылып қалса не істеймін? Отбасымды асырап отырмын. Әкімдік тым құрыса жедел шара қабылдап, шығынды өтеп берсе дейміз. Ауылдағы бір қожалық 26 малынан айырылғалы тұр. Кеше барып көрдім. Бізге көмек керек, – деді  шаруа қожалығының жетекшісі Мәдениет Жұмаділда.    

Тұрғындар бұған дейін ауылды карантинге жабуды талай ұсынған. Бірақ жергілікті билік мұндай шешім шығаруға асықпапты. Қазір белгісіз дертті жұқтырған жылқылардың саны артып барады. Ал ветеринария басқармасының басшылығы зертхана қорытындысы эпизотиялық лимфангитті растаса ғана, нақты әрекет болады.

Оқи отырыңыз: Лотерея сататын ресми терминалдардың қызметі уақытша тоқтады