Қазақстан Қырғызстанға көмектесу мақсатында үкіметтен қаржы бөле ме
baq.kz
Еріктілер 10 миллион теңгеден астам қаржы жинаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мәжіліс кулуарында ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "Қазақстан үкімет резервінен Қырғызстанға көмек бөле ме?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл сұрақты журналистер көтерді. Олар Қаржы министріне Қазақстанның еріктілері көрші елге көмектесу үшін қаражат жинап жатқанын және олардың мәліметтері бойынша, бүгінге дейін 10 миллион теңгеден астам қаржы жиналғанын айтты.
Осыған байланысты тілшілер "Қазақстан билігі Қырғызстанға үкімет резервінен көмек бөле ме?" деген сауал қойды.
"Тиісті мемлекеттік органдар резервтен тиісті сома бөлуді сұраса, бюджеттің мүмкіндігіне қарай көреміз. Бұл үшін бізде салалық мемлекеттік органдар бар, соның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі қаржы бөлу-бөлмеу жағын айтуы керек. Бюджеттік процеске сәйкес өтініштерді тиісті мемлекеттік органдар береді", - деп жауап берді министр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52