"Қазпошта" газет пен хатты дрон арқылы жеткізе ала ма

youtube.com
youtube.com
Қызметтің құны қазіргі тарифтер бойынша бекітілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шалғай жатқан ауылдарға хаттарды дрон арқылы жеткізбек.  "Қазпошта" акционерлік қоғамының атқарушы директоры Дәурен Тұрысбеков пилотсыз ұшу аппараттары арқылы пошта жеткізуді дамыту жайын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Аталмыш қызмет бізде аутсорсингтік компаниямен көрсетілуде. Біз келісімшарт жасастық. Ол келісімшарт жыл сайын ұзартылып отырады. Қызмет оңтүстік өңірлерде көрсетіледі. Бұл негізінен Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облысы», – деді  "Қазпошта" АҚ атқарушы директоры Дәурен ТҰРЫСБЕКОВ

Жоба үш жыл бойы жүзеге асырылып келеді екен. Қазір 15 шақты дрон бар. Алайда олар тек жазғы уақытта ғана ұшырылады. Ал қызметтің құны қазіргі тарифтер бойынша бекітілген.

«Газетті жеткізу үшін 17 теңге, ал хатты жеткізу үшін 60 теңге. Әлбетте мұндай тарифтер аталған қызмет шығынын жаппайды. Сондықтан біз қаладағы қызмет көрсету арқылы толтырамыз. Дрон газет пен хаттың 5 келісіне дейін көтереді. Бізге поштаны алыс жатқан елдімекендерге дрон арқылы жеткізу тиімді. Бірақ пошташылар жұмыссыз қалмайды. Пилотсыз ұшу аппараттары хаттарды тек елдімекенге дейін апарады. Ал әрбір үйге поштаны пошташылар жеткізеді», – деді  "Қазпошта" АҚ атқарушы директоры Дәурен ТҰРЫСБЕКОВ

Новости партнеров