Астанада VI Nobel Fest халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Ал Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов іс-шара аясында автодизайнер Фрэнк Стивенсонға «Аламан бәйге» картинасын сыйға тартты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстандық кәсіпкер туындының суретші Ерлан Айтуаровтікі екенін атап өтті. Сондай-ақ Фрэнк Стивенсонды меценат V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырып, нағыз аламан бәйгені көруді ұсынды. Автодизайнер де шақырту үшін алғыс айтып, сыйлықты ерекше бағалайтынын жеткізді.
– Президент Жолдауында Қазақстан болашақта дамыған мемлекеттердің қатарына кіру керек екенін айтты. Іс-шара жоспарға жетуге үлесін қосады деген сенімдемін. Бүкіл әлемнің мықты ғалымдары келіп, тәжірибесін бөліседі, – деді Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов.
Оқи отырыңыз: Азия ойындары: Галина Дуванова күміс жүлдегер атанды