Қазақстанда 5 наркотоптың көзі жойылды

Қазақстанда 5 наркотоптың көзі жойылды
Биылғы 10 айда 2000-ға жуық есірткі қылмысы тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл туралы есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Тілеген Мәткенов мәлімдеді. Анықталғаны, биылғы 10 айда 2000-ға жуық есірткі қылмысы тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мәселен, саудалаудың 1118 фактісі мен ірі көлемдегі сақтаудың 323 фактісі анықталыпты.    

«19,4 тонна есірткі тәркіленді. Оның ішінде 19 келісі – героин, 370 келісі – гашиш және 9 келісі – синтетикалық есірткі. 5 ұйымдасқан қылмыстық топтың көзі жойылды. Қылмыстық жауапкершілікке 5 көшбасшы мен 32 мүшесі тартылып отыр», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Тілеген МӘТКЕНОВ.

Департамент басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың есірткіні саудалаумен айналысатындарға жазаны қатаңдату керек деп айтқанын еске сала кетті. Мемлекет басшысы қазір нашақорлық заттарды кез келген жасөспірім үйдің сыртында жазылған сілтемелер арқылы интернеттен оп-оңай сатып ала алатынын жеткізген болатын. Осы ретте Тілеген Мәткенов бүгінде Қаржы министрлігімен бірге электронды төлеу жүйесінің 1400 абонентіне қатысы тексеру жүргізілгенін алға тартты.

«Клиенттік базасы 10 мың адамды құрайтын 32 телеграм-чат анықталды. Әкімшілеріне қатысты жедел әрекет ету шаралары жүріп жатыр. Синтетикалық есірткіні саудалап келген бес сайт бұзылды. Нәтижесінде олар клиенттер базасын жойды. Бұдан бөлек, Ресейдің Ішкі істер министрлігіне елімізде есірткі сатуда пайдаланылып келген ұялы байланыстың 230 ресейлік нөміріне қатысты сұрау жолданды. Бүгінде синтетикалық есірткі айналымына байланысты 262 қылмыстың беті ашылды. 85 азамат ұсталып, 9 келі зат тәркіленді. Бұл 25 мың бір реттік доза. Құны 80 миллион теңгеден асады», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Тілеген МӘТКЕНОВ.

Новости партнеров