|
13.09.2023 | 15:15
2413

Елдегі ғаламтор сапасы әлі де төмен – министр

Ұлттық жобаны Президент мақұлдады

Елдегі ғаламтор сапасы әлі де төмен – министр Almaty.tv

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ғаламторға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ведомство басшысы елдегі байланыс сапасында әлі де кемшілік бар екенін мойындады. Жалпы шалғайдағы елдімекендерді 100% ғаламтор желісімен қамту жұмысы 2027 жылға дейін жалғасады. Ұлттық жобаны Президент мақұлдады. Үкімет қаулыға қол қойғаннан кейін, ауылдарға ғаламтор желісі тартылады.

- Біз ресми рейтингке сүйенеміз. Бізде ғаламтор қызметінің сапасына қатысты мәселе бар және оны мен мойындаймын. Қазақстан азаматы ретінде мен де сіз сияқты ғаламтор желісін пайдаланамын. Менде жеке желі жоқ, байланыс сапасына қатысты қиындық менде де болады. Сондықтан операторларға нақты міндет қоядық. Ал мен ай сайын базалық стансаларды орнату мәселесін қадағалап отырамын, - деді министр.

Оқи отырыңыз: Үкімет отырысы онлайн форматқа көшеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир