Қордай ауданы Масаншы ауылында болған төбелес салдарынан 10 адам қайтыс болды

Almaty.tv
Almaty.tv
ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің ақпараты бойынша, 165 адам медициналық көмекке жүгінген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түрлі жарақат алған 38 адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Тәртіпке шақырған 5 полицей де зардап шеккен. ҚР ІІМ орынбасары Алексей Калайчиди бұзақылықты тию кезінде полицейлердің  қару-жарақ қолданбағанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өрт салдарынан 25 тұрғын үй, 31 комерциялық нысан, 41 көлік жанып кеткен. Елдің тыныштығын бұзған оқиға 5 ақпан күні болған, ал 7 ақпанда әлеуметтік жілелерде виделар тарай бастаған.

«Үш адам жеңіл автокөлікте келе жатады, ал тағы 3 адам ауыр жүк көлігімен жолдан өтпек болады. Бір-біріне жол бермей, нәтижесінде сөзге келіп қалып, соңы төбелеспен аяқталған. Полицейлер келіп, жанжалды тоқтатқан. Одан кейін әлеуметтік желіде видео тарап, жалған апарат елді дүрліктірді. Желі пайдаланушылары түрлі пікірлер жазып, жағдайды ушықтырып жіберген. Олардың ішінде басқа қалада отырып, мәселені көрмей, білмей жазғандарды да анықтадық», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей КАЛАЙЧИДИ.

Ал, ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің ақпараты бойынша, 165 адам медициналық көмекке жүгінген. Қазір 30 адамның жарақаты ауыр, 8 адамда өте ауыр деген диагноз қойылып отыр. Қордай аудананы қосымша дәрігерлер жіберілген.

«Санитарлық авиация да жұмылдырылды. Екі тікұшақпен ауыр жағдайдағы екі адам Алматыға жеткізілді. Тағы 4 науқасты көлікпен апардық. Алматыда 5 адамға ота жасалды. Жалпы, Қордайға  барлық қажетті дәрігерлер, 7 жедел жәрдем жіберілді», – деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат АҚТАЕВА.

Новости партнеров