Төрт бала зардап шекті
Қызылордада газдың жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй қирады. Төрт бала зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«28 шілдеде сағат 19:56-да Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағынауданында жеке тұрғын үй газ-ауа қоспасының ағуы салдарынан қирап қалды. 4 жасөспірім зардап шекті», - деп хабарлады Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта олар облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімінде жатыр.
Оқи отырыңыз: Жұмыссыз, ішкілікке құмар: жануарларға жауыздық жасайтындардың ортақ портреті