|
30.04.2019 | 15:19
1416

«Голос. Дети» шоуының дауыс беру жүйесі қайта тексерілетін болды

Бас жүлдеге ие болған Абрамованың финалда орындаған әндері желіге жүктелген екі сағат ішінде 4,6 мың дизлайк жинаған

«Голос. Дети» шоуының дауыс беру жүйесі қайта тексерілетін болды

«Голос. Дети» шоуының дауыс беру жүйесін тексерушілер полиграфтың көмегімен тексеруден өтеді. Бұл туралы компанияның бас директоры Илья Сачков «РБК» арнасының эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Сачковтың айтуынша, тексеру кезінде қызметкерлердің араласатын ортасы қысқартылады.

Әдетте мұндай тексеруді 5-7 адамнан тұратын команда жүргізсе, бұл жолы Group-IB компаниясының 15 қызметкері жұмылдырылған. Тексеру бір аптадан бір айға дейін созылуы мүмкін.

Group-IB компаниясы кибершабуылдар мен күрделі сандық тексерулерді жүзеге асырады. Телефон қоңыраулары мен SMS-хаттарды санайды және өзге де технологиялық қабылдауларды есепке алады.

Еске сала кетсек, "Голос. Дети" шоуының финалы мен суперфиналы 25 сәуірде өткен болатын. Екі кезең бойынша Абрамова ең көп дауыс жинап, жеңіске жетті. Оның тәлімгері әнші Светлана Лобода болған еді. Желі пайдаланушылары байқаудың қорытындысын сатып алынған деп шулады. Абрамованың финалда орындаған әндері желіге жүктелген екі сағат ішінде 4,6 мың дизлайк жинап, ұнату белгісін басқан адамдар саны 862 ғана болған.

Шоуға қатысты дау туғаннан кейін Group-IB халықаралық компаниясы дауыс беру жүйесін тексеретін болды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир