|
06.03.2019 | 15:19
2238

Өзі сүймейтін жігітке тұрмысқа шыққалы жүрген ару көптен кеңес сұрады

Бойжеткен жігітке өзін сүймейтінін айтқанымен, алайда ол бәрібір райынан қайтпаған

Өзі сүймейтін жігітке тұрмысқа шыққалы жүрген ару көптен кеңес сұрады nur.kz

Өзі сүймейтін жігітке тұрмысқа шыққалы жүрген бойжеткен жан сырын ақтарды. 21 жастағы ару болашақ күйеуін жақсы көруге тырысқанымен, қолынан ештеңе келмегенін айтты. Тығырыққа тірелген ол бүгінде не істерін білмей, көптен кеңес сұрады, деп жазады «Алаш айнасы».

Бойжеткеннің айтуынша, жігіттің туыстары оған өткен жылдың күзінде-ақ құда түсуге келген. Алайда, қыздың ата-анасы оның тым жас әрі оқуы бар екенін айтып, оларды қайтарып жіберген.

«Содан кейін ол жігітпен кездесіп жүрдін. Бірақ жақсы көріп кете алмадым. Қазірге дейін оған мүлде сезімім жоқ. Бір-бірімізбен және отбасыларымыз аралысып тұрады. Оның үстіне олармен құда болып келеміз», - деді бойжеткен.

Бойжеткен жігітке өзін сүймейтінін айтқанымен, алайда ол бәрібір райынан қайтпаған.

«Мені тым қатты жақсы көреді. Бәрібір ақыр түбі маған үйленетінін айтты. Ақырында қатты да айтып түсіндіріп көрдім. Жақсы көрмеймін деп те айттым. Нәтиже жоқ. Соңымнан қалар емес. Көктемде ата-анасын құда түсуге тағы жібермек. Жазда үйленеміз деп айтты», - дейді ару.

Оған қоса, жігіттің табысы да жақсы болып шыққан. Ол тіпті, бойжеткенге қажетінше ақшалай көмектесіп тұрады. Ата-анасы да осы бастан болашақ келінімен байланыс орнатуға барын салып, жиі хабарласады екен.

«Мен оған көңіл қоя алмадым. Не істерімді білмеймін. Оған тұрмысқа шықсам, кейін өкініп қалмаймын ба? Кімнің басынын өткен осындай жағдай? Кеңестеріңізді айтыңыздаршы», - деп көптен ақыл сұрады ару.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир