Ұшақ жерден екі рет көтеріліп барып құлаған
Қызыл ту тұрғындары оқиғаны көзбен көрген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында апатқа ұшыраған әуе кемесі жерден екі рет көтеріліп барып құлады. Ұшақ апатына қатысты Қызыл ту ауылының тұрғындары осылай деді. Жергілікті халық алғашында не болғанын байқамай қалдық дейді. Қатты дауыстан шошып қалғандықтарын да жасырмады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Ұшақ келді, екі рет қонды қарап тұрдым. Не болды дедім. Ұшақ ұшып жатыр ма дедім. Сөйтсем, жарылған екен. Не болғанын түсінбей қалдым», – деді бірі.
«Қалай құлағанын естідім. Бірақ тұрған жоқпын. Қызымның қасында ұйықтап жатыр едім. Түсінбей қалдым. Сосын сағат 10.00-де тұрдым», – деді келесі бірі.
Айта кетейік, бүгін Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшуы тиіс болған Бек Эйр әуе компаниясына тиесілі Фокер 100 ұшағы апатқа ұшырады. Әуе бортында болған 95 жолаушының 12-сі опат болды. Оның біреуі әуе кемесінің капитаны. Оқиға орнында 8-і бірден көз жұмса, екеуі әуежайда, екеуі ауруханада жан тапсырды. Қазіргі уақытта арнайы құрылған Үкіметтік комиссия мен құзырлы орган өкілдері тергеу жүргізіп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39