|
05.09.2022 | 21:08
3851

Өркениеттен жұрдаймыз: Ақмола облысының тұрғындары 10 жылдан бері су, жарықсыз күн көріп келеді

Халықтың талап-тілегін аудан әкімі келіп тыңдады

Өркениеттен жұрдаймыз: Ақмола облысының тұрғындары 10 жылдан бері су, жарықсыз күн көріп келеді

Ақмола облысы, Аршалы ауданына қарасты 6-шағынаудан тұрғындары өркениеттен мақұрым қалып отырғандарына наразы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бас қаладан небәрі 20 шақырым жердегі елдімекенде 10 жылдан бері су, жол, жарық атымен жоқ. Күте-күте зарыққан халық мәселені шенділердің шешіп беруін талап етіп отыр.

Орталық көшеге жиналған халық алдымен әкімнен нақты жауап сұрады. Жыл сайын жасалады деген құрғақ уәдеден шаршаған жұрт қағаздағы жоспардың орындалмайтынына наразы.

«Жол мәселесін айтып келе жатқанымызға қанша жыл болды. Көктем шықса әбден мазамыз кетеді. Балшыққа малынып, үсті-басымыз былғанып, қиналатынымыз рас. Тақтайдай тегіс жолды көреміз бе», – деді ауыл тұрғыны Виталий Каменский.

Жарық мәселесі де аядай ауыл тұрғындарын зарықтырған. Халық өз қаржысына 6 жыл бұрын электр қуатының желісін тарттырыпты. Көпшіліктің айтуынша, қазір ол барлық үйді бірдей қамтамасыз ете алмайды.

«Үй қосылған сайын электр қуатыжетпейді. Қыста қиын. Неге десеңіз, жарық өшкен кезде пеш тоқтап қалады. Насоспен жүріп тұрған пеш гүрілдейді. Ол кезде біз сыртта болсақ, балалар үйде қалса, пештің атылу қаупі бар», – деді ауыл тұрғыны Бибігүл Алмұрзаева.

Халықтың талап-тілегін аудан әкімі келіп тыңдады. Жылдап жыр болған су, жол, жарықтың мәселесін 2 жылда шешемін деп уәде етті. Шағынауданды дамытудың бас жоспары жасалған екен. Биыл бюджеттен 8 млрд теңге бөлініпті.

«Осы ауылдағы жол, свет, су өткізу туралы барлық жоба бар. Ол қазіргі уақытта іске асырылып жатыр. Бұрақ бұл 2 жылдық жоба. Биыл қаржы бөлінді, орындаймыз», – деді Аршалы ауданының әкімі Мұрат Балпанов.

Әкім сөзінше, ауылды дамытуға арналған 22 жоба іске асырылады. 12 жоба инфрақұрылым мен күрделі құрылысқа арналған.

Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир