|
16.05.2019 | 15:52
3119

Алматының экс-бас дәрігері тағылған айыптармен толық келіспейді

Серікбол Мусинов 25 мың доллар пара ұсынған деп айыпталған болатын

Алматының экс-бас дәрігері тағылған айыптармен толық келіспейді

«Арым да, қолым да таза! Қырық жылдан бері адал қызмет етіп, ешкімнен пара алмадым және ешкімге пара бермедім». Бүгін сотта Алматының бұрынғы денсаулық сақтау басқармасының басшысы осылай деп, соңғы сөзін айтты. Серікбол Мусинов өзіне тағылған айыптардың бірімен де келіспей, судьядан өзін ақтап шығаруды өтінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Тағы да қайталап айтамын, мен ешкімге ешқашан пара берген емеспін! Қол астымдағы қызметкерлерімнің ақшаны қайдан алып, кімге және қашан апарып бергенін білмедім. Сөзбайласу арқылы қылмыс жасады деп айыптап отыр, бірақ оған мүлдем дәлел жоқ. Менің біреуге пара беруіме де еш негіз жоқ! Өзіме тағылған айыптың бірін де мойындамаймын, кінәлі емеспін! Сондықтан, әділ үкім шығарасыз деп үміттенемін», – деді сотталушы Серікбол МУСИНОВ.

Сотталушының соңғы сөзін мұқият тыңдаған судья кеңесу бөлмесіне кетті. Ол үкімді ертең жария етеді. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Мусиновтың кінәсі толық дәлелденгенін айтып, оған жаза ретінде өзі берген параны 30 еселеп қайтартуды ұсынған болатын. Бұл – 279 млн теңгеге жуық сома. Сондай-ақ, прокурор оны өмір бақи мемлекеттік қызметке жолатпауды сұраған.

Естеріңізге сала кетсек, Алматының экс бас дәрігері лауазымды тұлғаларға 25 мың доллар көлемінде пара ұсынған деп айыпталған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир