Ертіс өңіріндегі кейбір елді мекендерде құқықбұзушылық деректері мүлде жоқ. Соңғы бес жылда қылмыс болмаған 50-ден астам ауыл бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ге сілтеме жасап.
Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, соңғы уақытты аймақтағы ауылдарда ұрлық, тонау сияқты қылмыс түрлерінің азаюы байқалады.
«Қатаң карантиннен соң қылмыс деректерінің көбеюін күтіп едік. Дегенмен, оң динамика байқалуда. Әкімшілік құқықбұзушылықтар да тіркелмеген ауылдар бар. Елді мекендердегі криминогендік жағдай бойынша сараптама жүргізіліп тұрады. Бүгінгі күні қылмыс деректері 5,5%-ға төмендеген. Қылмыстар құрылымында тонау 17,1%-ға, тонаулар 40%-ға және ауыр жарақаттар 20-ға азайған. Алдын алу жұмыстарына басымдық берудеміз», – дейді Жасқайрат Қайыров.
Үлгілі ауылдардың қатарында Шарбақты ауданының Орловка елді мекені бар. 1140 адам тұрадын жердің қауіпсіздігін бір учаскелік инспектор қамтамасыз етеді. Тұрғындардың басым бөлігі жергілікті шаруа қожалығында еңбек етеді. Ауылда жұмыссыз жүрген халық бар.
Сала мамандарының айтуынша, қылмыстардың болмауына тәртіп сақшыларының техникалық жағынан қамтамасыз етілуі себеп. Мәселен, Орловка ауылындағы қоғамдық орындар, мемлекеттік мекемелер мен өзге де нысандарда бейнебақылау камерасы орнатылған. Бүгінгі күні учаскелік пунктке қосылған 120-дан астам құрал бар. Бейнебақылау камералары ауылдан 12 шақырымдық жердегі жайылымдарға да орнатылған. Осылайша, мал ұрлығын болдырмау мақсатындағы жұмыстар атқарылып жатыр.
Учаскелік инспекторларға «Сақшы» жасағының азаматтары көмектеседі. Еріктілер түнгі патрульдік шаралар пен рейдтерді жүргізеді. Жалпы, қазіргі уақытта обллыстағы ауыл инспекторы 3-4 ауылға қызмет етеді. Бір тәртіп сақшысына 1800-2000 тұрғыннан келеді. Ал ауылдардың арасы 30-40 шақырым болуы мүмкін. Маманның оқиға орнына дер кезінде жетіп, шара қолдануы үшін қызметтік көлікпен қамтылған. Сонымен қатар, тәртіп бұзушылықтармен күрес жұмыстарына қоғамдық кеңес мүшелері көмектесуде.
Биылғы жылы тағы 35 ауыл полицейі көлікпен қамтылмақ.
Айта кетейік, облыс аумағында үш қала мен 350-ден астам ауыл және 119 ауылдық округ бар.