|
05.05.2021 | 15:24
1249

Алматы әкімдігі тұрғындарды «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысуға шақырады

Түлектер әртүрлі меншіктегі ұйымдарда жастар практикасынан өтеді

Алматы әкімдігі тұрғындарды «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысуға шақырады ашық дереккөзден

Алматыда жұмыспен қамту орталығы тұрғындарды «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысуға шақырады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жастар тәжірибесі білім алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін білім беру ұйымдарының түлектері үшін ұйымдастырылады. Түлектер әртүрлі меншіктегі ұйымдарда жастар практикасынан өтеді, оның ішінде, Алматы қаласы әкімдігінің құрылымына кіретін департаменттер, мемлекеттік кірістер департаменті, сондай-ақ жеке компаниялар бар. Мұндай ұйымдардағы тәжірибе жас маманның келешектегі мансабы үшін жақсы негіз .

Жастар іс-тәжірибесі бұл:

• мамандық бойынша жұмыс бастапқы тәжірибесін алуға мүмкіндік;

• әрі қарай жұмысқа орналасуға мүмкіндік;

• жастар арасында еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Жастар тәжірибесінің ұзақтығы 6 ай. Жастар практикасына 29 жастан аспаған жұмыссыздар оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішінде жіберіледі. Төлемі 35 АЕҚ= 102 095  теңгені құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалысты өтеуді, сондай-ақ банктік қызметтерді), ай сайын жұмыспен қамту орталығы жасайды.

Жастар тәжірибесіне қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына, Назарбаев даңғылы, 50, Жібек Жолы көшесінің қиылысына хабарласыңыз.

Тел: +7 (727) 310 21 31

Оқуын 2018-2021 жылдары бітірген,

мамандығы бойынша жұмыс істемеген

ЖОО-лар мен Арнайы орта оқу орындарының

29 жастан аспаған түлектерін

«Жастар тәжірибесіне» шақырамыз.

2021 жылғы 7 мамырға дейін

мына телефондар бойынша хабарласуларыңызға болады

+77026570055 Айман Кудайбергеновна,

+77783424173 Динара Темиргалиевна,

+77755959809 Назгуль Буранхановна.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир