Депутаттардың елордаға Астана атауын қайтару туралы ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз хатшысына сілтеме жасап.
«Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім.
Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесуде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтінішіне сүйенді.
Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді» деп жазды Руслан Желдібай Фейсбуктегі парақшасында.
Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауын сақтап қалуы тиіс.