Алматыда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан мен Абай облысының шаруалары қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Шығыс Қазақстан мен Абай облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жолы шаруалар жалпы көлемі 200 тоннадан астам өнім алып келген. 70-ке жуық шаруа қожалығы 50-ден астам тауар түрін ұсынды. Олардың қатарында ет, сүт өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер де бар. Бастысы жәрмеңкедегі бағалар халыққа қолжетімді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Шығыс Қазақстанның балы өте дәмді болғандықтан көп арасында сұранысқа ие. Ал қала әкімдігі алдағы демалыста ауқымды жәрмеңке өткізуді жоспарлап отыр.

«Осы жәрмеңкеге қатысушыларға орын тегін беріледі. Шатырлар қойылған, сауда сөрелері бар. Жәрмеңке туралы жарнама беру ісімен Алматы қаласы әкімдігі айналысады, тегін жасайды. 23-24 қазан күндері ҚР Республика күні мерекесіне орай Түркістан облысының қатысуымен осындай жәрмеңке өткізілетін болады», – деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Омаров.

Новости партнеров