Халық дүкеннен сабылып таппай жүрген қанттың 90 пайызын 1 компания сатып отыр. Шекермен қамту ісіндегі шикілікті сауда интеграция министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күні кеше ғана қызметке тағайындалған Серік Жұманғарин қазір осы іс бойынша тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын жеткізді. Оның айтуынша, қант саудасын бір өзі қыздырып келген компания шикі өнімді сатып алуға, өндіруге ақша берген. Кейін құмшекерді сатамын деп тауарды өзіне алған.
«Ол деген – бизнес, әрине. Не болғанын түсінуіміз керек. Проблема неден шықты? Неге айналым сехмасына берілген 100 млрд теңге әкімшіліктен бірден зауыттарға бармады? Мен кеше Қостанай әкімімен сөйлестім. Олар кезінде зауытқа төлеген. Енді қантты тосып отыр», – деді ҚР Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғарин.