Алматыдағы қылмыс саны 44 пайызға азайды – Таймерденов

Алматы қ. әкімдігі
Алматы қ. әкімдігі
ПД басшысы шаһардағы қылмыстық ахуалдың тұрақты екенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов шаһардағы қылмыстық ахуалдың тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық ПД бастығының айтуынша, қаладағы қылмыстық жағдайды талдау барысында барлық бағыттар бойынша қылмыстың 44%-ға төмендегені байқалған. Атап айтқанда:

 - аса ауыр қылмыстар -10,7% -ға

 - бөтеннің мүлкін ұрлау 2,2 есе

 - пәтер ұрлығы - 46,4%

 - бұзақылық - 46,8% -ға

 - тонау 2,4 есе

 - бұзақылық шабуыл 2,3 есе

 - денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру - 46,1%

 - алаяқтық - 2,5%

 сондай-ақ жасалған қылмыстар:

 - қоғамдық орындарда -17,4% -ға

 - көшелерде - 19,2%

 - кәмелетке толмағандар арасында - 34,8%

 - мас күйінде - 27,1%

 - адамдар тобында - 30,8%

 - бұрын сотталғандығы жойылмаған және өшпеген - 2,7 есе азайған.

«Қарақшылық шабуылға қатысты 4 топтың, 6 тонаудың, 12 пәтер ұрлығының, 4 автокөлікті тонау, 23 қоғамдық орындардағы жеке мүліктің қылмыстық әрекеті тоқтатылды.  Сонымен қатар, жыл басынан бері 185 есірткі қылмысы анықталды, олардың 69-ы есірткі айналымына қатысты.  Заңсыз айналымнан 71 килограмнан астам есірткі, оның ішінде жарты келіге жуық героин, 21 келі гашиш және 47 келіден астам марихуана тәркіленді», - деді полиция генерал-майоры Қанат Таймерденов.

Новости партнеров