Анасы ертеректе көз жұмған 17 жасар қыз туған ағасынан жүкті екенін айтты. Әкесінен қатты қорыққан ару бұл туралы ешкімге тіс жармапты. Бойжеткен тірі жанмен бөліспеген сырын анонимді түрде Instagram желісіндегі @kutpedim парақшасында баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мұңын шаққан ару әкесі мен ағасы және сіңлісі төртеуі тұратынын айтты.
"Ағам бәрі ұйықтағанда бөлмеме келіп, маған білгенін істейді. Қазір жүктімін. Төрт айлық. Әкем жүкті екенімді естігенде оңдырмай ұрды. Ал, ағам түк болмағандай қарап тұрды. Шынымды айтсам, әкем ағамды өлтіреді деп қорқамын. Ертеңгі күні сіңлімнің тағдыры не болмақ? Соны ойлаймын. Сіңлімді алып, қашып кеткім келеді. 18-ге толатын күнді асыға күтіп жүрмін", - деді ол.
Ішіндегі баласына не істерін білмеген қыз жұрттан кеңес сұрады.