Наурызбай ауданы әкімдігі тұрғындарды қабылдады

Наурызбай ауданы әкімдігі тұрғындарды қабылдады
Оған аудандық коммуналдық қызмет бөлімшелері және құқық қорғау органдарының басшылары келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Ұлттық қабылдау күні өткізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еститін Мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету шеңберінде Наурызбай ауданының әкімдігі азаматтарды әр-түрлі мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Қабылдауға аудандық құрылымдық бөлімшелердің, коммуналдық қызметтері мен құқық қорғау органдарының басшылары шақырылып, тұрғындардың базынасымен жақынырақ танысты.

«Мен мектеп мәселесі бойынша келдім. Соңғы уақытта көптеген мектептерде ыстық тамақ мәселесі өте өткір, өйткені тендермен айналысатындар көптеген жағдайда жұмыстарына жауапкершіліксіз қарайды. Шағымдар түсіп жатады, ал балаларға тамақ ыстық күйінде берілмейді. Сонымен қатар тамақтарының сапасы да мәз емес. Ал, бүгін мен бұл мәселені прокурормен шештім. Болашақта, енді мұндай мәселелер мұқият шешілетініне сенімдімін», - деді Халида МАХМУДОВА.

Новости партнеров