|
19.11.2019 | 15:30
3184

Алматыда «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасында дауыс беру аяқталды

Пилоттық жобаға бас-аяғы 228 ұсыныс келіп түскен

Алматыда «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасында дауыс беру аяқталды

Бүгін қоғамдық кеңес мүшелері жиналып, жазбаша дауыс беруге арналған жәшікті ресми түрде ашты. Енді қала бюджетіне атсалысып, ұсыныс айтқан тұрғындардың даусы есептелетін болады. Кейін ішінен көптің қолдауына ие болғандары жүзеге асады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Пилоттық жобаға бас-аяғы 228 ұсыныс келіп түскен. Оның қатарында, басым бөлігі аулаға ойын және спорт алаңдарын салу, айналаны көгалдандыруды сұраған екен.

«8 ауданның қағаздары осы жерге жиналады да, мына қағаздардың барлығы аудандарға кетеді. Нәтижесін кешкісін айтамыз. Өйткені ЭЦҚ бойынша дауыс бергендердің санын біз тек кешкісін айта аламыз. Себебі, қағазда көбісі жоқ. Бұл жерде мәселе ұту не ұтпауда емес, өйткені бұл жарыс емес. Бұл жерде бюджетке қатысудың мәдениетін үйренуге болады», – деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр ҚИСЫҚОВ.

Қала бюджетіндегі қаражатты қажеттіліктеріне қарай жұмсайтын жоба Алматыда бірінші рет қолға алынды. Оның аясында, халықтың пікірі ескеріліп, қаржы тиісті мәселелерді шешуге бағытталады. Жоба аясында әр ауданға орта есеппен жарты миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Яғни 8 ауданға 4 миллиард теңге қаражат жұмсалады. Бұл ашықтықтың түрі Лондон, Рим, Берлин, Париж және Мәскеуде енгізілген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир