Су тасқыны: шаруаларға жеңілдікпен несие беріле ме

Almaty.tv
Almaty.tv

Сұраққа студия қонағы «Аграрлық несие корпорациясының» АҚ өкілі Ринат Кемешов жауап береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда тасқыннан зардап шеккен шаруаларға жеңілдікпен несие беріледі. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі қаржылай қолдауды биыл 440 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Қаражат фермерлерге үлестірілмек. Ауыл шаруашылық саласындағы жаңа мүмкіндік кімдерге беріледі? Осы және өзге сұраққа «Алматы» телеарнасы студия қонағы «Аграрлық несие корпорациясының» АҚ өкілі Ринат Кемешов жауап береді.

– Жаңа бастаманың талаптарын айтып өтсеңіз?

– Біріншіден, «Бәйтерек» ұлттық атқарушы холдингі фермерлерге 300 млрд астам қаржыны беруді жоспарлап отыр. Бұған дейін «Бәйтерек» холдингі жыл сайын 140 млрд теңге бөлетін. Қаржы 5 пайызбен несиеге берілмек. Ол агрокредиттік қаржы корпорациясы арқылы жүзеге асады. Ал кепілзаты жоқ азаматтарға «Даму» қоры арқылы 85 пайызға дейін кепілдік көрсете алады. Қарызының 85 пайызын «Даму» қоры қамтамасыз етеді. Қаржының барлығы көктемгі егіс жұмыстарына және егін ору науқанына арналады.

– Шаруалар қайда жүгінуі керек? Олар құжатты жергілікті әкімдікке тапсыра ма, әлде бірыңғай база қарастырылған ба?

– Талаптары стандартты түрде жүзеге асады. Қазіргі таңда «Аграрлық несие корпорациясының» АҚ филиалдарына өтінім жазады. Ал қаржыны қалай және қандай құжатпен рәсімдеу керек екенін филиалдардан толыққанды біле алады.

Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов: Қабылданған шаралардың арқасында БҚО жойқын су тасқынынан сақтай алдық

Новости партнеров