Ресейдің еншілес банктерінде 500 млрд теңге депозиттер сақтаулы. Ол туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанда ресейлік банктердің шамамен 1,7 трлн теңге болатын несие портфелі бар. Еске салсақ, 24 ақпаннан бері Қазақстанның Сбербанкі, Қазақстанның Альфа-Банкі және Қазақстанның ВТБ банкі де санкциялар тізіміне енді.
«Негізінен бұл депозиттер біздің қазақстандық банктерге берілді. Олардың төлем жасауға қабілетті екенін, ауқымды несие портфелі бар екенін атап өткім келеді. Клиенттердің депозиттерді алу және өз қаражатын басқа қазақстандық банктерге аудару талаптары толығымен орындалды және қанағаттандырылды», – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.