Павлодарда полицейлер қаңғыбастарды суықтан құтқарып жатыр
Фото пресс-службы ДП Павлодарской области
5 күнде Павлодар қалалық бейәлеуметтендіру орталығына қиын жағдайда қалған тұрақты үй-жайы жоқ 50 адам жеткізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қыс басталғалы павлодарлық полицейлер қаңғыбастар жиналған жерлерге рейд жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қаңтар айы басталғалы, 5 күн ішінде Павлодар қалалық бейәлеуметтендіру орталығына қиын жағдайда қалған тұрақты үй-жайы жоқ 50 адам жеткізілді», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полицейлердің айтуынша, барлық патрульдік бөлімшеде тұрақты баспанасы жоқ адамдар жиналатын жерлердің картасы бар, ол өзгеріп отырады.
«Олар полиция бөлімшесіне жеткізілгеннен кейін түрлі шаралардан өтеді: фото, видеоесепке қояды, саусақ іздерін алады, іздеуде жүрген қылмыскерлер мен із-түссіз жоғалып кеткендер тізімімен салыстырады. Адамдарды кәріз құдықтарынан шығарып алған соң, жылу желілері қызметшілері ешкім кіріп кетпес үшін оларды жауып тастады», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
11.10.2026 11:30
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
11.10.2026 09:08
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
10.10.2026 09:54