Қан емес, тосап болған: Нұр-Сұлтанда екі саудагерді көлік қағып кетті

Қан емес, тосап болған: Нұр-Сұлтанда екі саудагерді көлік қағып кетті
Әйелдер болмашы дене жарақаттарын алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтан-Петропавловск тас жолында екі саудагерді қағып кеткен Toyota жүргізушісі соқтығысудың алдын алуға тырысқаны жайлы ақпарат жалған болып шықты. Себебі аталған жолда біржақты қимыл. Ал бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбаларда қан емес, жол жиегінде тұрған сатушылардың саудалаған тосабы болып шықты. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.

«Нұр-Сұлтан-Петропавловск автожолының 208-шақырымында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 1995 жылы туған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Нұр-Сұлтан-Петропавловск автожолының жиегінде орналасқан сауда алаңында азық-түлік сатып тұрған екі әйелді соқты. Аталған автокөліктің жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бірінші бөлігі Көлік туралы жүргізушінің адам денсаулығына зиян келтіру, көлік құралы немесе басқа мүлікті зақымдай отырып, жол ережесін бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әйелдер болмашы дене жарақаттарын алды. Медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді», – деді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар ПИНЧУК.


Новости партнеров