Наурызбай ауданы әкімдігі «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан азаматтарды қабылдады.

Almaty.tv
Almaty.tv
Оларға білім басқармасынан бастап, денсаулық, энергетика, коммуналдық сала мамандары кеңес берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Бүгін Наурызбай ауданы әкімдігі «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан азаматтарды қабылдады. Оларға бір терезе қағидаты бойынша көмек көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оларға білім басқармасынан бастап, денсаулық, энергетика, коммуналдық сала мамандары кеңес берді. Атамекен кәсіпкерлер палатасы мен Отбасы банкінің өкілдері де бір алаңнан табылды. Желтоқсаншылар көбінде әлеуметтік бағыттағы сұрақтарды көтерді. Бірнеше сағатқа созылған қоғамдық қабылдауға 50-ге жуық адам келген.

«Көп жерлерде жастарды қабылдайды. Пенсияға 2-3 жыл қалды десе, көп жер жұмысқа алмайды. 2-3 жыл тұрақты бір жерде жұмыс істесек, ары қарай пенсияға шықсақ дегенбіз», – деді «Желтоқсан оқиғасына» қатысушы Майрагүл Қайырбекова.

«Біздің аудан бойынша бүгінгі күнде 160 желтоқсаншы бар. Ең көп көтерген мәселе ол - ақталу мәселесі. Онымен енді арнайы құқық қорғау органдары айналысады. Сонымен қатар, әлеуметтік мәселе, тұрғын үй мәселесі, денсаулыққа қатысты сұрақ көп болды», – деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Мирас Нысанәлиев.  

Новости партнеров