«Алматы Су» 200-ден астам көпбалалы отбасыға қаржылай көмек көрсетті

«Алматы Су» 200-ден астам көпбалалы отбасыға қаржылай көмек көрсетті
«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған аталмыш ақшалай көмектің жалпы көлемі 4,3 миллион теңгені құрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы Су» кәсіпорны әз-Наурыз мерекесі қарсаңында 200-ден астам көпбалалы отбасыға қаржылай демеу көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған аталмыш ақшалай көмектің жалпы көлемі 4,3 миллион теңгені құрайды. 20 мың теңгенің сертификатын мекемеде жұмыс істейтін әлеуметтік аз қамтылған жанұялар алды. Кәсіпорын әлеуметтік қолдауды тұрақты түрде көрсетіп келеді. Атап айтқанда, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларын мектепке дайындау бойынша көмек береді. Сондай-ақ жыл басында жалақысы төмен жұмысшысының жалақысын көтерген. 

«50 мыңға дейін алатын топтағы кәсіп иелеріне айлық көтеру қарастырылды. Олар 20-30 пайызға дейін айлықтары көтеріледі. Енді бұл ең төменгі деңгейде жалақы алатындар. Олардың жалпы саны бізде 400-ден асады», – деді «Алматы Су» МКК бас директорының орынбасары, бас инженер Нұриддин ЖАРБОЛОВ.

Елбасы алға қойған әлеуметтік мәселелерді тыңғылықты орындау үшін Алматыда нақты жоспар құрылған. Соның бастысы – «Бақытты отбасы» қалалық әлеуметтік бағдарламасы. Яғни, көпбалалы жанұяларға арналған жеңілдетілген тұрғын үй ипотекасы, оқушылар мен студенттердің стипендиясы, бір реттік төлемдер, жұмыспен қамту және тегін медициналық көмектер.


Новости партнеров