Жерді шетелдіктерге беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасы мақұлданды

Жерді шетелдіктерге беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасы мақұлданды
Бүгін Мәжіліс депутаттары аталған Заңды талқылап, 1-оқылымда қолдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жерді шетелдіктерге беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасы мақұлданды. Бүгін Мәжіліс депутаттары аталған Заңды талқылап, 1-оқылымда қолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 25 ақпанында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырған еді. Айта кетейін, мораторий енгізілгенге дейін көбіне оңтүстік өңірлерде жерлер жекеменшікке берілген болатын.

«Атап айтқанда, 74,4 мың гектар ауыл шаруашылығы жері 7 біріккен кәсіпорынға жалға берілген. Одан басқа екі шетелдік заңды тұлға 18,5 мың гектар жерді бүгінгі күні жалға алып отыр. Бұлардың барлығы мораторий енгізілгенге дейінгі алынған жерлер. Олардың жалға алу мерзімі 2022 жылдан 2025 жылға дейін. Осы уақыт өткеннен кейін бұл жерлердің барлығы мемлекетке қайтарылады», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі  Сапархан Омаров.

Новости партнеров