Түлектер кеші таяп қалды: сыйлыққа ақша жинауға бола ма?

Қазақстанның барлық өңірінде мектеп бітіру кеші 12 маусымға белгіленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Білім және ғылым министрлігі ата-аналарға, мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға сыйлыққа ақша жинауға үзілді-кесілді тыйым салынғанын тағы бір мәрте ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

«Осымен үшінші жыл бізде барлық сыйлыққа тыйым салынған. Бірақ мәселен біз түлектерге ағаш отырғызуға тыйым салмаймыз. Дегенмен, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне тағы бір мәрте ескерткім келеді: сыйлыққа ақша жинауға үзілді-кесілді тыйым салынған» деді білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева үкімет кулуарында.

Суханбердиева түлектердің қоштасу кешін мектеп қабырғасында өткізуге қатысты министрліктің ұсынысын қолдағанына қуанышты екенін жеткізді.

«Неге десеңіз, бұл ата-аналарға салмақ салмайды. Қазір бәрі мұны қолдап жатыр. Тек бірен-саран ғана ата-аналар «ойбай ақша өткізіп қойдық, келісіп қойдық» деді. Десек те, біз міндетті түрде мектеп қабырғасында өткізуді талап етеміз» – деді вице-министр.


Новости партнеров