«Жүкті боп қалдым»: қазақ қызы өзін 20 жылдан бері туған әкесі зорлап келгенін айтты

«Жүкті боп қалдым»: қазақ қызы өзін 20 жылдан бері туған әкесі зорлап келгенін айтты
Анасы мен әкесі бала күнінде ажырасқан екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әсия Исаеваның айтуынша, оны 11 жасынан бастап 20 жасына дейін өз әкесі ұрып-соққан. Тіпті сексуалды зорлыққа барған. Анасы мен әкесі бала күнінде ажырасқан екен.

Арадан 20 жыл өткен соң шындығын айтып, әкесінен кек қайтарғысы келетінін жеткізді. Бұл туралы «Давайте говорить» бағдарламасына сілтеме жасап sn.kz сайты хабарлады.

«Мені 11 жасымнан бастап туған әкем төсекке тартты. 20 жасыма дейін осылай жалғасты. Мұны ешкімге айтқан емеспін. Енді 20 жылдан соң бәрін айтқым келеді. Қазір әкем екінші отбасымен бірге тұрады», - деді Әсия.

Ал, бағдарламаға келген Әсияның әкесі Гариб Исаев мұны теріске шығарды. Айтуынша, өзі тұрып жатқан үйді алғысы келгендіктін, қызы осындай қадамға барған.

«Мені неліктен осылай айыптап жатқанын білмеймін. Ондай азғындыққа барған емеспін. Мен тұрып жатқан үйді алғысы келгендіктен солай еткен болар. Үй үшін дауласып қалғанбыз. Соңы осылай болып отыр. Мен жаман адам болсам, ауылдастарым, көршілерім, ағайындарым неге сыйлайды?»,  дейді әкесі.

Әсияның айтуынша, әкесі мен екінші отбасы тұрып жатқан үйді ол бала күнінде жұмыс істеп, өз ақшасына алған. Әкесімен бірге базарда сауда жасап, үш бөлмелі үйді алуға еңбектенген. Бұл кездерде әкесі ішімдік ішіп жүріпті. Ал, Гариб Исаев үйді алуға өзінің де үлесі бар екенін, қызы екеуі бірге ақша тапқанын айтуда.

Гариб Исаевтың әпкесі Әсияның бала күнінде жүкті болып қалғанын, алайда оны әкесінің білмегенін айтты.

«Маған жүкті екенін айтты. «Әкеме айтсаңыз, мені өлтіреді деген соң ешкімге тіс жармадым. Әкемнен жүкті болдым» деген жоқ. Ол кезде 15-16 жастағы қыз болатын»,  дейді әпкесі.

Ал, зорлыққа ұшырағанын айтқан Әсия бала күнінде жүкті болып, әпкесінің баланы алдыруға көмектескенін жасырмады.

«Бала күнінде Әсияға бір жігіт тиіскен. Анасы жігітпен сөйлес деп мені жіберді. Ол жігітпен сөйлестім. Қызымды қорғағаным үшін ақыры істі болып, 4 жылға сотталдым. Бір жарым жылдан соң бір себептермен босатылдым. Үйге келгенде қызым әйелімнің өзге жігітпен кездесетінін айтты. Сол үшін ажырастық. Анасы Әсияға ренжіп, оны менімен қалдырды», - дейді Гариб Исаев.

Бағдарламада қонақ болған психолог Анна Поздеева өз зерттеуінше Әсияның өтірік айтпағанын айтады.

«Бұл жағдайды ойдан шығарған болса да, ол өз айтқанына сеніп тұр. Оқиғаны айту барысында көз алдында сол кездің естелігі тұр. Бұл оның өтірік айтпағанын білдіреді», – дейді маман.

Дегенмен кімнің рас, кімнің өтірік айтқанын сот шешеді. Ол үшін тергеу жүруі тиіс. Істі құқық қорғау органы тексереді.


Новости партнеров