Ақтөбе облысында үйлерін су басқандарға төлем жасалып жатыр

12.04.2024 20:45

Зардап шеккендердің баспанасын бағалаудың бастапқы қорытындысы алынды

gov.kz

Ақтөбе облысында су тасқыны салдарынан 9 елдімекен қатынассыз қалып тұр. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- Бүгінде 44 елді мекен электр жарығына қайта қосылды. Қазіргі таңда 11 елдімекенде 172 абонент жарықтан ажыратылған, дегенмен тұрғындарға уақытша тоқ берілді. Электр қуатын қалпына келтіру жоспары құрылды, шамамен 7 күнде бұл жұмыстар аяқталады. Сонымен қатар су тасқыны салдарынан облыстағы 9 елдімекен жол қатынасынсыз қалып тұр, бұған дейін 17 елдімекеннің жолын су басқан еді, - деді Асылбек Есенбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатына ZOOM арқылы қатыса отырып.

Әкім орынбасарының мәлімдеуінше, қазір көлік қатынасын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

- Су тасқынынан зардап шеккендердің тұрғын үйлерін бағалау жұмыстарының бастапқы қорытындылары алынуда. Осыған орай, аудандарда тұрғындарға төлемдер жасау жұмыстары басталды, - дейді ол.

Оқи отырыңыз: Бозымбаев: отандастарын алдаған кез келген азамат ақы төлейді